Categories Жайық news

Тоқаев Пәкістан премьерімен маңызды салаларды талқылады: Астанада не шешілді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен шағын құрамда келіссөздер өткізіп, екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар соңғы жылдары екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың келешегіне тоқталды.

Келіссөздерде сауда-саттық, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ұстанымдарын салыстырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…