Categories Қоғам

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады,  — деп хабарлайды Polisia.kz. Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұнан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды. Киберқылмысқа қарсы күрес — Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда. Интернеттің дамуына байланысты «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді. ІІМ қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректерді бөгде адамдарға айтпаңыз, сондай-ақ банк карталарын және олардың деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіз.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-85-millionnan-astam-alayaqtyq-qongyraudyng-zholy-kesildi/

Ұқсас жазбалар

ҰБТ жетпейді: болашақ мұғалімдерге қосымша емтихан енгізіледі

Қазақстанда педагогикалық ЖОО-ға түсушілерге ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болады. Енді абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуі…

Сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуы тиіс: Қазақстан Қарулы Күштерінде Кітап күні атап өтілуде

Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа талап енгізілді: мерзімді қызмет кезеңінде әрбір әскери қызметші кемінде бес кітап…

Петропавлда тұңғыш рет омыртқа жарығына ота жасалды: бұрын тек шетелге жіберетін

Петропавлда алғаш рет омыртқа аралық жарыққа ота жасалды. Бұрын мұндай операциялар тек Астанада немесе шетелде…