БҚО әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

БҚО әкімі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі мамандарды құттықтап, олардың халық денсаулығын қорғаудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары» деген сөзін еске сала отырып, пандемия кезеңінде өңір мамандары індет ошақтарын дер кезінде анықтап, аурудың таралуын шектеуде кәсіби біліктілігін дәлелдегенін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі сала қызметкерлерінің қазіргі уақытта да халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегіне ерекше назар аударды.

Шара соңында сала мамандары Премьер-Министрдің алғыс хатымен, Денсаулық сақтау министрінің төсбелгісімен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…