Categories Жайық news

БҚО-да Мәлік Отарбаев қатысуымен облыс активі өтті

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысқан облыстық актив жиыны ұйымдастырылды. Жиынды облыс әкімі Нариман Төреғалиев ашып, төрағалық етті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауындағы тапсырмаларды өңірлік деңгейде іске асыру мәселелері қаралды.

Облыс әкімі өз сөзінде Президент Жолдауының еліміздің стратегиялық дамуы үшін маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың жүзеге асуы жайында баяндама жасады.

Актив барысында аудан және ауылдық округ әкімдері өз аймақтарындағы жобалардың орындалу барысы мен даму жоспарлары туралы ақпарат берді.

Мәлік Отарбаев өз сөзінде Президенттің тапсырмаларын сапалы орындауда өңірлердің белсенділігі мен жауапкершілігі шешуші мәнге ие екенін айтты. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды тиімді жүзеге асыру үшін барлық салада жүйелі әрі үйлесімді жұмыс қажет екенін ерекше атап өтті.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…