Categories Жайық news

БҚО: Президент Жолдауының міндеттерін жүзеге асыру жолдары талқыланды

Батыс Қазақстан облысында ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен өңірдің дамуына арналған кеңейтілген жиын өтті. Кездесуге облыс әкімі Нариман Төреғалиев жетекшілік етті.

Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді өңірлік деңгейде орындау мәселелері сөз болды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жолдаудың ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық бағыт екенін атап өтіп, өңірдегі экономикалық өсім, инвестициялық ахуал және өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Жиын барысында аудан әкімдері мен ауылдық округ басшылары өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Президенттің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірлердің белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың басты тетігі екенін айтты. Ол Батыс Қазақстан облысында Жолдау міндеттерін орындауда барлық сала бірлесе әрекет етуі қажет екенін ерекше атап өтті.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…