Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім қабылдады. БАҚ мәліметінше, ол бұл қадамға билеуші Либерал-демократиялық партия ішіндегі алауыздықты ушықтырмау үшін барып отыр.

Шілдедегі сайлаудан кейін Исиба басқаратын коалиция парламенттің жоғарғы палатасында көпшілікті жоғалтқан болатын. Осыдан кейін бірқатар саясаткер премьерді қызметінен кетуге шақырды.

Сарапшылар Исибаның отставкасы елді саяси тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін деп болжайды. Бұл кезеңде Жапония АҚШ-пен сауда тарифтері жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр және Қытайдың аймақтық ықпалы артып келеді.

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…

Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС…

Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир…