Categories Жайық news

ОРАЛДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТАТЫН ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында қалдықтарды жою және қайта өңдеумен айналысатын «Эко-Запад» ЖШС-ның жоба-жоспары талқыланды. Аталған компания Орал қаласында жылына 40 мың тоннаға жуық қалдықты кәдеге жарататын өндірістік базаны салу бойынша жұмыстанып жатыр.

Инвестор өзіне тиесілі аумақты қоршап, Қытай Халық Республикасынан қажетті жабдықтар жеткізуге тапсырыс берген. Жалпы құны 200 млн теңге болатын жоба өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін арттыруға бағытталған.

Компания директоры Ғалымбек Ташпенов жобаны жүзеге асыру кезінде туындаған түйткілді мәселелерді ортаға салды. Облыс әкімі инвесторларға тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…