Үш күнге ауа райы болжамы: найзағай мен жаңбыр күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көптеген өңірінде ауа температурасы төмендеп, күн күрт суытады. Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.

«Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін», — деді Қазгидромет мамандары.

Орал тұрғындарына да сақ болу керек. Жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнгі уақытта 10-12 градусқа дейін төмендейді.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.