Алматы әуежайында құбырлар жолаушылардың үстіне құлай жаздады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жолаушылардың маңына биіктен ажырап кеткен құбырлар құлаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, конструкциялар адамдардың, оның ішінде балалар мен қарттардың жанына түскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің бірі оқиғаның өте жылдам болғанын айтып, жолаушылардың дер кезінде әрекет етуге үлгермеуі мүмкін екенін жеткізді.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, инженерлік жүйелерді монтаждау кезінде икемді желдету құбыры түсіріліп жатқан сәтте ажырап кеткен. Алайда конструкция сақтандыру арқандарына ілініп қалғандықтан, зардап шеккендер жоқ.

Әкімшілік барлық элементтердің дереу бөлшектелгенін және қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарлады. Аталған жұмыстар әуежайды жоспарлы жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан.

Ұқсас жазбалар

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан…