Categories Спорт

Винисиус әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчта үздік ойыншы атанды

Сурет: sportilinet.kz

Винисиус Жуниор әлем чемпионатында Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Осылайша ол топтық кезеңнің барлық матчында осы марапатты иеленген тарихтағы алғашқы футболшы болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бразилия құрамасы матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Мадридтік «Реалдың» 25 жастағы шабуылшысы бірінші таймда дубль жасады.

Винисиус матч барысында қақпаға 10 соққы жасап, 30 пастың 25-ін дәл жеткізді. Сондай-ақ қарсыластың айып алаңында допқа 13 рет иелік етіп, екі команда арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Бразилиялық футболшы бұған дейін Мароккомен (1:1) және Гаитиге қарсы (3:0) ойындарда да үздік ойыншы атанған еді.

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үш матчта Винисиус төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Шотландияға қарсы ойында Бразилия сапынан жарақатынан айыққан Неймар алаңға шықты. Ұзақ уақыт ұлттық құрама сапынан шеттетіліп қалған ойыншыны Карло Анчелотти құрамға қайтарды.

Ұқсас жазбалар

Англия Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Англия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Харри Кейн…

Хорватия Гананы жеңіп, плей-оффқа екінші орынмен шықты

Хорватия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Гананы 2:1 есебімен ұтып, L тобында екінші…

Қазақ дзюдошысы Прагадағы Еуропа кубогында жеңіске жетті

Чехия астанасы Прагада өткен European Open 2026 халықаралық турнирінде қазақстандық дзюдошылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі…