Categories Саясат

Түркияның үздік ЖОО-да тегін оқу: Қазақстан азаматтарына арналған «Абай – Акиф Ерсой» стипендиясы іске қосылды

Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Енді еліміздің азаматтары Түркияның үздік оқу орындарында тегін білім ала алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, «Абай – Акиф Ерсой» стипендиялық бағдарламасы екіжақты келісім аясында іске қосылады. Бағдарлама қазақстандық студенттерге Түркияның жетекші университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік береді.

«Бұл – білім саласындағы тарихи келісім. Біздің жастар енді Түркияның ең үздік оқу орындарында сапалы білім алып, тәжірибе жинақтай алады», – деді министр.

Стипендия барлық мамандықтар бойынша беріледі. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар тізімі жақын арада Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында жарияланады.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтіп, партия төрағасы болып Қайрат Қапарұлы сайланды.

«Ауыл» партиясы кезектен тыс съезін өткізді

23 маусымда «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде Серік Егізбаев өкілеттігін тоқтатып, Қайрат Айтуғанов жаңа төраға болып сайланды.