Categories Жайық news

Украина мен Ресей Абу-Дабиде келіссөз бастады: Трамптың өкілдері де қатысып жатыр

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы күні аяқталды. Бұл кездесуде соғысты тоқтату шарттары талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Украина делегациясының басшысы Рустем Умеров Telegram-арнасында кездесудің мақсатын түсіндірді.

«Кездесу Ресей соғысын аяқтаудың шарттары мен лайықты әрі ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөз процесінің алдағы логикасына арналды», – деп жазды Умеров.

Ол сондай-ақ келіссөздерге америкалық тараптан АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф, президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер, Трамп құрып жатқан «Бейбітшілік кеңесінің» аға кеңесшісі Джош Грюнбаум, АҚШ армиясының министрі Дэн Дрисколл және НАТО-ның Еуропадағы күштерінің қолбасшысы Алексус Гринкевич қатысып жатқанын растады.

Екі күнге жоспарланған келіссөздер сенбіде жалғасады деп күтілуде.

Фото: BBC

Ұқсас жазбалар

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…