Categories Жайық news

«Оралда ауыз су тапшылығы азайды»:  Байменов атқарған жұмыстары туралы айтты

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тұрғындарды ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамту бағытында соңғы жылдары жүзеге асқан маңызды жобалар туралы мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, қалада бұған дейінгі барлық 22 су жинау ұңғымасы толық қалпына келтіріліп, жаңа 22 тереңдік сорғы орнатылған. Соның нәтижесінде өндірілетін су көлемі соңғы бес жылмен салыстырғанда тәулігіне 19 мың текше метрге артқан. Бұл — қаладағы ауыз су тапшылығын едәуір азайтып, тұрғындарды тұрақты сумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл жалпы құны 12,1 миллиард теңге болатын екі ірі су жинау станциясын реконструкциялау жұмыстары қолға алынған. Аталған жобалар жүзеге асқанда, Жұлдыз, Ескі әуежай және 10, 7, 6, 5, 4-шағын аудандар үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұған қоса, тағы бес су ұңғымасын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттар дайындалған.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да бірқатар ілгерілеу бар. Өткен жылы 4,6 миллиард теңгеге №2 және №3 кәріз-сорғы станциялары жаңартылған. Ал биыл Ақжайық шағын ауданында жаңа кәріз-сорғы станциясы пайдалануға берілді.

Қазір 2 миллиард теңгеге №18А кәріз-сорғы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 2026 жылы тағы екі нысан — №1 және №29 станцияларын жаңартуға 4,1 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Мұрат Байменовтың айтуынша, бұл жобалар толық іске асқанда, сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 55 пайыздан 52 пайызға дейін төмендейді.

Орал қаласы соңғы жылдары ауыз су және кәріз инфрақұрылымын жаңғырту бағытында аймақ бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…