Categories Жайық news

Жекеменшік мектеп ашқысы келетіндер назарына: Үкімет ережені қатаңдатты

Қазақстанда жекеменшік мектептерді ашу және олардың жұмысына қатысты талаптар күшейтілмек, енді лицензия тек орын тапшылығы бар, апатты немесе үш ауысымды мектептер орналасқан аймақтарға ғана беріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі жаңа ережелерді таныстырды. Ондағы басты қағидат – мақсатқа сай болу. Яғни, жаңа білім ошақтарын кез келген жерде емес, нақты қажеттілік туындаған өңірде ғана ашуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізу жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды өзгеріс мектеп басшылығын тағайындау тәртібіне қатысты. Бұрын бұл мәселені тек мектеп құрылтайшысы шешсе, енді әрбір кандидатура Оқу-ағарту министрлігімен және жергілікті әкімдіктермен міндетті түрде келісіледі.

Жауапкершілік те күшейтілді. Енді мектеп құрылтайшылары оқушылардың білім сапасына, мұғалімдердің біліктілігіне және мектептегі қауіпсіздікке тікелей жауапты болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда лицензиясы бар 890 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Ведомство мәліметінше, олардың басым бөлігінің құжаттары цифрлық форматқа көшірілген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…