Categories Қаржы

Жеке банкроттық рәсімі: тегін бе, ақылы ма?

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі толық тегін емес екені белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл процесте белгілі бір шығындар болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Банкроттық рәсімін бастау үшін азаматтарға алдымен электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. Бұл қызмет ақылы – бағасы 500 теңгеден 2000 теңгеге дейін өзгереді.

Сонымен қатар, уәкілетті органға өтініш беру үшін «eGov Mobile» немесе «Банкроттық» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру кезінде интернет трафигіне ақы төлеуге тура келеді.

«Егер азаматтың кредиторлар алдындағы берешегі 1600 АЕК-тен (шамамен 5,9 млн теңге) аспаса, банкроттық рәсімін қолдану үшін соттан тыс тәртіп қарастырылған. Бұл жағдайда мемлекеттік баж салығы алынбайды», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Ал сот арқылы банкроттық рәсімінен өткісі келетіндер 0,5 АЕК (шамамен 1846 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Бұл шығындардың барлығы рәсімнің міндетті емес, ықтимал шығындары екенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды банкроттық туралы толық ақпаратты тек ресми көздерден алуға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Теңгеге шаққандағы доллар, еуро және рубль бағамы: 9-11 мамырға арналған ресми курс

Ұлттық банк 9-11 мамырға арналған доллар, еуро және рубльдің теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады.

Салық реформасы: B2B секторындағы кәсіпорындар жаппай жабылып жатыр

Салық реформасы B2B секторындағы кәсіпорындарды қатты қыспаққа алды. Вице-премьер мыңдаған бизнес жабылғанын мәлімдеді.

9 мамырға арналған валюта бағамы: доллар мен еуро қанша тұрады?

Ұлттық банк 9 мамырға валюта бағамын жариялады: доллар – 456,50 теңге, еуро – 495,30 теңге.