Қазақ қазаққа жау

Қазақтың ең ауыр дерті – сыртқы жаудан емес, ішкі алауыздықтан басталған. Тарихқа үңілсек, талай жеңіліс пен күйреудің түп-тамырында өзара бақталастық, көреалмаушылық, бірін-бірі сатушылық тұрған. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген Абай сөзі ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазақ қазаққа жау болған сәт – ұлт әлсіреген сәт. Бізді құртқан қару емес, қызғаныш. Туысының табысын көре алмайтын, ағайынын өсекпен сүріндіретін, бірінің жетістігіне бірі қуанбайтын қоғам – рухани тұрғыда жеңілген қоғам.

Бірі байып, бірі күйіп жатқанда, бірі мансап қуып, бірі намыс ұмытқанда – ұлттың іргесі сөгіледі. Бір-бірімізге әділетпен емес, есеппен қарау – осының дәлелі. Қазақтың жауы қазақ болса, онда сыртқы жаудың қажеті жоқ.

Бізге енді бірлік пен әділдік керек. Біріміздің қуанышымыз – бәріміздің қуанышымызға, біріміздің қателігіміз – бәріміздің сабаққа айналуы тиіс. Өзара сыйластықсыз елдің болашағы жоқ.

Қазақ қазаққа дос болған күні ғана – ұлт биіктейді. Бірлік – ұран емес, ұлттың тірі қалу шарты.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Астанада ақылы эвакуация іске қосылды: көлікті қайда қоюға болмайды?

Астанада жол ережесін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау іске қосылды. Қай жерге көлік қоюға болмайтынын біліңіз.

Төрт өңірде Конго-Қырым қызбасы: вирус өлімге әкелуі мүмкін

Қазақстанның төрт өңірінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының таралу қаупі сақталып отыр. Вирус өлімге әкелуі мүмкін, мамандар…

Астанада 12 қабатты үй өртенді: тұрғындар эвакуацияланды

Астанадағы 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тұрғындар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып…