Categories Жайық news

«Қайрат» Чемпиондар лигасында тарихи гол соқты, бірақ ойсырай жеңілді

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бельгиялық «Брюгге» командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды. Бұл ойында алматылықтар өз алаңындағы алғашқы тарихи голын соққанымен, турнирдегі жағдайын жақсарта алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Кездесудің бірінші таймы толығымен қонақтардың басымдығымен өтті. 32-минутта қақпашы Темірлан Анарбековтың қателігінен кейін допқа бірінші жеткен Александар Станкович есеп ашты.

Араға алты минут салып, 38-минутта Ханс Ванакен жақын қашықтықтан соққы жасап, «Брюггенің» басымдығын еселеді.

Ойынның екінші бөлігінде де бельгиялықтар қарқынын бәсеңдетпеді. 74-минутта Ромео Верман есепті іріге жеткізсе, он минуттан соң Брэндон Мехеле төртінші голды соқты.

Алаң иелері тек матч соңында бір голмен жауап қайтара алды. 90+2 минутта ойынға тыңнан қосылған Әділет Садыбеков айып алаңының сызығынан дәл соққы жасап, командасының турнирдегі өз алаңындағы алғашқы голын салды. Қорытынды есеп – 1:4.

Бұл – «Қайраттың» аталған турнир аясындағы өз алаңындағы соңғы кездесуі. Алматылықтар сегізінші, яғни соңғы турда 28-нен 29-қаңтарға қараған түні сырт алаңда лондондық «Арсеналмен» ойнайды. Қазіргі таңда бір ғана ұпайы бар «Қайрат» турнирлік кестенің соңғы, 36-сатысында тұр.

Фото: Vesti.kz/Әлімжан Аманжол

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…