Categories Жайық news

38 градус аяз: Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал солтүстік өңірлерде қақаған аяз күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген аймағында қар жауып, бұрқасын болады және жел күшейеді. Оңтүстікте жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, ал 22 қаңтарда таулы аудандарда қалың қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

22 қаңтарда елдің солтүстігінде ауа райы күрт суытады. Жаңа Жер жағынан жылжыған арктикалық антициклон ауа температурасын түнде -25…-38 градусқа, ал күндіз -20…-30 градусқа дейін төмендетеді.

Ал батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде, керісінше, күн біртіндеп жылынады. Оңтүстікте күндізгі температура -5-тен +3 градусқа дейін, ал елдің батысында -5…-13 градус аралығында болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Климаттық апат»: АҚШ-та газ бағасы шарықтап, дүкен сөрелері босап қалды

АҚШ-тың жартысын алапат дауыл басты. 172 млн адамға қауіп төніп, 10-нан астам штатта төтенше жағдай…

Украина мен Ресей Абу-Дабиде келіссөз бастады: Трамптың өкілдері де қатысып жатыр

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ арасында соғысты тоқтату бойынша келіссөздер басталды. Оған Трамптың күйеу баласы…

Қызылша деп ойлаған: Түркістанда 8 айлық сәбидің денесінен ине шықты

Түркістанда дәрігерлер қызылша деп ойлаған 8 айлық сәбидің ішінен ине алып шықты. Рентген нәрестенің бауырына…