Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспанов 20 млн теңге пара ісі бойынша сотталды

Қостанайда Рудный қаласының экс-прокуроры Мұрат Оспановқа сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, ол құрылыс бөліміндегі тексерісті тоқтату үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алуға оқталған.

Оспанов өз кінәсін толық мойындап, өкінген соң іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш сот отырысынан кейін ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және «әділеттің аға кеңесшісі» шенінен айырылды.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының жас балалары бар екені және кінәсін мойындап, шын өкінгені жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерілді.

Айта кетейік, Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов биыл қыркүйекте ішкі қауіпсіздік қызметі мен ҰҚК департаментінің бірлескен операциясы кезінде ұсталған болатын.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Оман вице-премьеріне «Достық» орденін табыс етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман вице-премьеріне I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Марапат экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан…

«Ажал аяқ астында»: Саумалкөлде қос жұмысшы құдықта қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында канализация жөндеу кезінде екі жұмысшы құдықта қаза тапты.

Тоқаев Оман өкілін қабылдап, экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарын қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты…