Categories Әлем

Жапонияда аюлардан қорғанатын робот-қасқырлар пайда болды: фермерлер қуанышта

Жапонияның ауылдық аймақтарында фермерлер енді аюлардан қорықпайды. Оларға көмекке робот-қасқырлар келді. Бұл роботтар жабайы жануарларды үркітіп, егінді қорғайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Робот-қасқырлар нағыз қасқырға ұқсайды. Олардың көздері қызыл жарқылдап, денесі қозғалады. Тіпті дыбыс шығарып, аюларды қорқытады. Жапонияда бұл роботтардың тиімділігі дәлелденген.

«Бұрын аюлар жиі келіп, егінді бүлдіретін. Енді роботтарды қойғаннан бері бірде-бір аю көрінбеді», — дейді жергілікті фермер.

Робот-қасқырлар күн энергиясымен жұмыс істейді. Оларды орнату оңай және қызмет көрсету қымбат емес. Қазіргі уақытта жапондық фермерлер бұл технологияны белсенді қолданып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Әзербайжандық 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келген

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келген, оның 380 мыңнан астамы шетелдік. 2026 жылдың бірінші…

Франциядағы Lalique шыны музейі тоналды, шығын 4 миллион еуро

Францияның солтүстік-шығысындағы Lalique шыны музейіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қаскөйлер бірнеше миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды…