Categories Жайық news

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР МЕН АБЗАЛ АҒАЛАР – АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ҮЛГІСІ

2026 жылғы 15 наурызда еліміз бойынша республикалық референдум өтуде. Аталған референдумға Бәйтерек ауданының Байқоныс ауылындағы №196 референдум учаскесінде де тұрғындар өз азаматтық таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

Бүгінгі референдумдағы атмосфераны «Көңіл ашар» әжелер ансамблі арттырды. Ансамбль құрамында 11 әже өнер көрсетеді, ең үлкені – 84 жаста. Ардагер ұстаз Гүлшат Хабибуллинаның айтуынша, ұжым 2014 жылы құрылған және негізгі мақсаты – ұмыт қалған халық әндерін жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Әжелер мектептер мен балабақшаларға барып, қазақ ән өнерінің құндылығын жастарға жеткізеді. Референдум кезінде ансамбль тек дауыс беріп қана қоймай, ұлттық нақыштағы әндерімен жиналған қауымның рухын көтеріп, саяси науқанның мерекелік сипатын арттырды.

Сондай-ақ, ауылдағы қоғамдық істерге белсене қатысатын «Абзал ағалар» клубының 8 мүшесі де сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Олар тәжірибесі мен даналығымен жастарға үлгі көрсететін, адалдық пен жауапкершілікті басты ұстаным еткен азаматтар тобы ретінде танылды. Клуб мүшелерінің бірлігі мен ұйымшылдығы ауыл тұрғындарына азаматтық белсенділіктің мәнін көрсетті және сайлау учаскесіндегі атмосфераны одан әрі көтерді.

Республикалық референдум барысында Байқоныс ауылындағы №196 сайлау учаскесі – өнер мен азаматтық жауапкершіліктің біріккен көрінісі ретінде есте қалды.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…