Categories Жайық news

Ақтауда түнде 5,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

Ақтауда 27 тамызға қараған түні жерасты дүмпулері сезілді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 01:33-те тіркелген, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz.

Куәгерлердің айтуынша, түнгі бірге таяу уақытта үйлердегі шамдар мен жиһаздар қозғалып кеткен.

«Алғашында басым айналды ма деп ойладым. Кейін шамның теңселіп тұрғанын байқадым», – дейді қала тұрғыны.

ТЖД түсіндірмесі

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің болғанын растады. Ведомство мәліметінше, дүмпудің эпицентрі Каспий теңізінің акваториясында, Ақтаудан шамамен 271 шақырым жерде орналасқан.

  • Магнитудасы: 5,2

  • Тереңдігі: 15 шақырым

  • Координаттары: 42°925 солтүстік ендік, 48°756 шығыс бойлық

Зардаптар туралы мәлімет

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…