Categories Жайық news

Трамп Пентагонды қайта «Соғыс министрлігі» деп атауды көздеп отыр

Трамп Пентагонды қайта «Соғыс министрлігі» деп атауды көздеп отыр,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігінің атауын өзгертіп, оған тарихи «Соғыс министрлігі» атауын қайтару бастамасын қолға алмақ. Ақ үй басшысы осыған байланысты тиісті жарлыққа қол қоюға ниетті екенін мәлімдеді.

АҚШ заңнамасына сәйкес, федералдық мекемелердің атауын президент өз бетінше өзгерте алмайды. Бұл мәселе Конгресс деңгейінде қаралып, мақұлдануы тиіс. Дегенмен, Трамптың жарлығы мұндай процесті бастауға жол ашуы ықтимал.

Тарихи деректерге сүйенсек, АҚШ-та Соғыс министрлігі алғаш рет 1789 жылы құрылған. Кейін 1947–1949 жылдары ол Ұлттық әскери ведомство деп аталып, 1949 жылдан бастап қазіргі Қорғаныс министрлігі деген атауға ие болды.

Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін де бірнеше рет Пентагонға тарихи атауын қайтару идеясын көтерген болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама оның сыртқы саясаттағы қатаң ұстанымын айқындай түсуі мүмкін.

Ұқсас жазбалар

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…