Categories Жайық news

Еуроодақ миграциялық саясатын қатаңдатты: Босқындар енді үшінші елге жер аударылады

Еуропалық Одақ миграциялық саясатты қатаңдататын жаңа ережелерді бекітті. 2026 жылдың маусымынан бастап босқындарды үшінші елдерге депортациялау тетігі іске қосылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа ережеге сәйкес, Одаққа мүше елдер мигранттарды өздерімен екіжақты келісімі бар кез келген үшінші мемлекетке жібере алады. Бұл баспана беру процесін ЕО аумағынан тыс жерде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «қауіпсіз шығу елдерінің» тізімі де енгізілді. Бұл тізімге Үндістан, Мысыр, Марокко және Еуроодаққа мүше болуға үміткер мемлекеттердің басым бөлігі кірген.

Енді осы «қауіпсіз» деп танылған елдерден келген азаматтардың босқын мәртебесін алуы әлдеқайда қиындайды. Олар өздерінің жеке басына қауіп төніп тұрғанын немесе қудалауға ұшырағанын дәлелдейтін нақты айғақтар ұсынуға міндетті болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…