Categories Жайық news

Соғысқа қатыспаған елдерге шабуыл жасалуда: Тоқаев Бахрейн королімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ушыққан ахуалды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент Иранға қарсы қақтығысқа араласпаған Бахрейн мен өзге де елдердің азаматтық инфрақұрылымы зымыранмен атқыланғанына терең алаңдайтынын жеткізді. Ол Қазақстанның осындай қиын-қыстау сәтте Бахрейн халқына тілектес екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды одан әрі ушықтыруға қарсы екенін және кез келген қақтығысты тек диалог пен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Король Хамад бен Иса Әл Халифа үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Ол екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниетті екенін растады.

Тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен серіктестікті нығайтуға бейіл екендерін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына тыныштық пен бақ-береке тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.