Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов допинг дауына ілікті

Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы Дулат Бекбауов допинг дауына тап болды. Бұл ақпаратты Халықаралық Олимпиада комитетіне қарасты Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ресми түрде жариялады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, спортшы соңғы 12 ай ішінде допинг-бақылау мамандарына өзінің нақты орналасқан жерін уақытылы және дұрыс көрсетпеген. Спортшылар үшін міндетті саналатын бұл тәртіп бұзушылық антидопинг ережелерін өрескел бұзу ретінде бағаланады.

Осыған байланысты ITA Дулат Бекбауовты екі жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады. Дисквалификация 2025 жылғы 18 қарашадан басталып, 2027 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Бұл жазаның тек әуесқой боксқа қатысты екенін айта кету керек.

Ұқсас жазбалар

Жер сілкінісіне дайындық: Орталық Азия елдері бірлесіп әрекет етпек

Қазақстан ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Ташкенттегі конференцияда жер сілкінісіне қарсы өңірлік ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды.

«Абай қырандары» Өзбекстандағы жарыста жүлделі екінші орынды иеленді

Өзбекстанда өткен жас патриоттар жарысында «Абай қырандары» командасы екінші орынды жеңіп алды. Жарыс Әмір Темірдің…

Тоқаев Чехия премьерін «Достық» орденімен марапаттады: Бабиш алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия премьер-министрі Андрей Бабишті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бабиш ризашылығын білдірді.