Categories Жайық news

Тасқала ауданындағы Халықтық «Надежда» вокалдық тобы өз таңдауын жасады

Бүгін Тасқала ауданында өткен референдумда мәдениет саласының өкілдері де белсенділік танытты. Солардың қатарында ауданның мақтанышына айналған халықтық «Надежда» вокалдық тобы да бар. Ұжым мүшелері референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

Халықтық «Надежда» вокалдық тобы 2009 жылы құрылған. 2013 жылы өнер ұжымы «Халықтық» атағына ие болды. Бүгінде ансамбль құрамында 13 өнерпаз бар. Ұжымның жетекшісі – Шукирова Жаңылсын Ұзақбайқызы. Ол 2023 жылы «БҚО үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Өнер ұжымы аудан мәдениетінің дамуына зор үлес қосып келеді. Репертуарында қазақ және шетел композиторларының 20-ға жуық шығармасы бар. Ұжым қазақ, орыс, татар, украин ұлттарының өкілдерін біріктіріп, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Сонымен қатар ансамбль толыққанды сахналық костюмдермен қамтамасыз етілген.

«Надежда» вокалдық тобы көптеген мәдени шараларда аудан намысын абыроймен қорғап келеді. 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Еднання» украин мәдени-ағарту бірлестігі ұйымдастырған «Сорочин жәрмеңкесінде» «Үздік вокалдық топ» номинациясын жеңіп алды. Ұжым бірнеше рет облыстық және халықаралық мәдени шараларға қатысып, алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды. Сондай-ақ «Қазақстан-Орал» және «Ақжайық» телеарналарының «Күншуақ» бағдарламасына түсіріліп, өнерін кеңінен насихаттады.

2018 жылы Ресей Федерациясының Саратов облысы Озинки ауданының 90 жылдық мерейтойына қатысып, жоғары бағаланды. 2019 жылы ұжым өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтіп, «Надежда встречает друзей» концерттік бағдарламасын ұсынды. Кейінгі жылдары да есеп беру концерттерін өткізіп, 2025 жылы «Когда поют девчата» атты концерттік бағдарламасын көрерменге тарту етті.

Өнер арқылы халықты біріктіріп, мәдениетімізді насихаттап жүрген ұжым бүгін де ел өміріндегі маңызды сәттен шет қалмай, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Халықтық «Надежда» вокалдық тобының бұл қадамы – қоғам өміріне белсенді араласатын шығармашылық ұжымның жарқын үлгісі. #aa

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…