«ChatGPT бұдан былай заң мен медицинаға қатысты кеңес бермейді» OpenAI қолдану ережелерін қатаңдатты

OpenAI компаниясы ChatGPT қызметін пайдалану саясатын жаңартты. Енді бұл жүйе заң, медицина, көші-қон және ұлттық қауіпсіздік сияқты сезімтал салаларда кеңес бермейді.

Компанияның мәлімдеуінше, шектеулер тек осы бағыттармен шектелмейді. ChatGPT сонымен қатар білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту, қаржы және сақтандыру сияқты маңызды әлеуметтік тақырыптар бойынша да жеке кеңес беруден бас тартады.

OpenAI өкілдері жаңа саясаттың мақсаты – қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллекттің жауапкершілікпен қолданылуын реттеу екенін атап өтті.

— Біз пайдаланушылардан жүйемізді этикалық және қауіпсіз түрде пайдалануды талап етеміз. Ережелерді бұзу ChatGPT жүйесіне қолжетімділікті шектеуге әкелуі мүмкін, — делінген компания хабарламасында.

Жаңа ережелерге сәйкес, ChatGPT енді ресми түрде кеңесші рөлін атқармайды, тек ақпараттық және білім беру құралы ретінде қолданылатын болады.

Ұқсас жазбалар

Бір күнде 46 мың гектар тазартылды: Тоқаев қатысқан сенбілік нәтижесі

25 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен сенбілікте 46 мың гектардан астам аумақ тазартылды.

Тоқаев NVIDIA өкілдерімен кездесті: Қазақстанда жасанды интеллект дамиды

Президент Тоқаев NVIDIA вице-президентімен кездесіп, Қазақстанда жасанды интеллект дамыту жолдарын талқылады.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8% төмендеді: себебі не?

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте белгілі болды.