Categories Жайық news

Жаңаөзендегі жан түршігерлік оқиға: 29 жастағы дәрігерді не үшін 21 рет пышақтаған?

Жаңаөзен қалалық ауруханасында 29 жастағы терапевт Нұрдәулет Аманғалиев өз жұмыс орнында қатыгездікпен өлтірілді. Дәрігердің денесіне 21 рет пышақ салған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғадан соң дәрігерге көмек көрсету үшін Ақтаудан санавиация мамандары шұғыл жеткен. Алайда мойын, кеуде және қол тұсынан аса ауыр жарақат алған Нұрдәулет Аманғалиев көп қан жоғалтып, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Марқұмның туыстары бұл жантүршігерлік қылмысқа қызғаныш себеп болғанын алға тартады. Олардың айтуынша, күдіктінің әйелі сол ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

«Біз кінәлінің ең қатаң жазаға тартылуын талап етеміз. Нұрдәулеттің артында көз жасы көл болып аңыраған әке-шешесі, жары мен екі кішкентай перзенті – ұлы мен қызы қалды», – дейді марқұмның жақындары.

Бүкіл қаланы дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…