Categories Жайық news

Қаза тапқандар бар: Түркияда жойқын жер сілкінісі болды

Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Балыкесир қаласына қарасты Сындыргы ауданында орналасқан.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 19:53-те болған және ол елдің Мәрмәр және Эгей өңірлеріндегі бірнеше провинцияда, соның ішінде Ыстанбұл қаласында да сезілген көрінеді.

Түркияның батысында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қирады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қираған үйлердің бірінің астынан төрт адам аман-есен құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: topnews.kg

 

Ұқсас жазбалар

«Жәнібек үшін ешкім күреспейді»: Әлімханұлының допинг дауына қатысты ащы шындық айтылды

Белгілі сарапшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдіріп, оның промоутерлер үшін «құнды актив» емес…

Вице-президент лауазымы: Оның өкілеттіктері мен қатаң шектеулері белгілі болды

Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізілуі мүмкін. Ол Президенттің тапсырмасын орындайды, бірақ кәсіпкерлікпен айналыса алмайды және партия…

Рудныйда 19 жастағы жігітті пышақтап кеткендер кәмелетке толмағандар болып шықты

Қостанай облысында 19 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген екі жасөспірім ұсталды. Полиция тергеуді бастап…