Categories Жайық news

Тас жолдағы трагедия: апатқа ұшыраған Toyota Alphard-тың кесірінен төрт адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам қайтыс болып кетті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…