Categories Жайық news

Әлемдік мұнай тасымалы тоқтай ма? АҚШ барлауы Иранның қауіпті әрекетін әшкереледі

Америка Құрама Штаттарының барлау қызметі Иранның Ормуз бұғазындағы кеме жолдарына мина қоюға дайындалып жатқаны туралы деректер алды. Бұл әрекет әлемдік мұнай нарығына және халықаралық саудаға үлкен қатер төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы CBS News телеарнасының журналисі Дженнифер Джейкобс өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«АҚШ барлау қызметтері Иранның Ормуз бұғазының кеме қатынасы жүретін дәлізіне миналар орнату бағытында әрекеттер жасап жатқаны туралы ақпарат ала бастады», – делінген оның жазбасында.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағын Оман шығанағымен және ашық мұхитпен жалғайтын әлемдегі ең маңызды стратегиялық су жолы. Дүниежүзілік мұнайдың шамамен бестен бір бөлігі осы бұғаз арқылы тасымалданады. Сондықтан оның жабылуы жаһандық энергетикалық дағдарысқа әкелуі ықтимал.

Иранның бұл әрекеті Таяу Шығыстағы шиеленістің одан әрі ушыққанын көрсетеді. Ресми Тегеран бұған дейін де бірнеше рет өзіне қысым жасалған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтынын ескерткен болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…