Categories Жайық news

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамалды: ІІМ жаңа мәлімет жариялады

Алматыда 13 жастағы жасөспірімді зорлау ісі бойынша күдікті қамауға алынды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілінің айтуынша, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті қамауға алынды. Бұдан бөлек, қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр», – деді Санжар Әділов Мәжіліс отырысынан кейін.

Бұған дейін заңгер Ләззат Рақышева бұл сұмдық оқиғаның былтыр 1 қыркүйекте болғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, жәбірленуші – 13 жастағы мектеп оқушысы. Сондай-ақ расталмаған ақпарат бойынша, ұсталған азаматтың АИТВ-жұқпасын жұқтырған болуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесі 24-27 сәуірде жабылады

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі 24-27 сәуірде көлік қозғалысы үшін жабылады.