Categories Жайық news

Көрісу күні келді: Қазақстан Амал мерекесін тойлап жатыр

Бүгін, 14 наурыз – қазақ халқы үшін көктемнің алғашқы лебін сездіретін Амал мерекесі немесе Көрісу күні. Бұл – Ұлыстың ұлы күні Наурыздың бастауы саналатын ерекше мейрам, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл дәстүр әсіресе еліміздің батыс өңірлерінде – Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кеңінен сақталған. Көрісудің басты мағынасы – қыстың қаһарынан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқан халықтың бір-бірімен қауышып, амандығын білісуі.

Бұл күні жасы кішілер үлкендердің үйіне арнайы барып сәлем береді, ал ағайын-туыс бір-бірімен төс қағыстырып, «Бір жасыңмен!» деп құттықтайды. Бұл тілек адамның тағы бір жылға аяқ басқанын, жаңа жасқа толғанын білдіреді.

Көрісу – тек амандасу емес, сонымен қатар өкпе-ренішті ұмытып, татуласатын, араздықты артқа тастайтын күн. Ол адамдар арасындағы бауырмалдық пен сыйластықты нығайтып, жаңа жылды таза ниетпен бастауға шақырады.

Амал мерекесі құтты болсын!

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Шымкентте прокуратура студенттерге есірткінің құрдымын түсіндірді

Шымкент прокуратурасы колледж студенттеріне есірткі қылмысының зардабын түсіндіріп, жастардың санасына қауіптің ауқымын жеткізді.

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.