Categories Ақорда

Президент Токио қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралады

Сурет:Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл орталық азаматтық қорғаныс жүйесінің және мегаполистегі қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі буыны саналады.

Орталықта қаладағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, төтенше жағдай туындаған кезде мемлекеттік органдардың іс-қимылы үйлестіріледі, сондай-ақ жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар мен терроризм қаупі сияқты ықтимал қатерлерге қатысты ақпарат талданады.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалған мәліметтердің таралуына қарсы әрекет етуге ерекше назар аударылады. Бұл бағытта тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы бөлімше қызмет атқарады.

Күнделікті режимде орталық дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарларын әзірлеу, оқу-жаттығулар ұйымдастыру, халықты құлақтандыру және апат салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту жұмыстарымен айналысады.

Ұқсас жазбалар

Ерлан Қарин: Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік-құқықтық сипатқа ие

Ерлан Қарин Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік-құқықтық сипатқа ие екенін айтып, бір реттік өкілеттік мерзім нормасы…

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады. Кездесуде әлемдегі жетекші телеарналардың бірімен…

Мемлекеттік Туды пайдалану ережесі өзгерді: не өзгерді?

Үкімет мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережеге сәйкес, мемлекеттік Туды ғимараттарға,…