Сергей Пономарёв: «Дипфейктер – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр»

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Үкіметке – Жандос Мадиев пен Ержан Сәденовке – жасанды интеллект арқылы жасалатын дипфейктердің қаупі туралы депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, технология дамыған сайын жасанды бейнелер мен дауыстардың көмегімен жасалатын алаяқтық көбейіп барады. Депутаттың өзі де мұндай жағдайға тап болған: белгісіз біреулер оның дауысын және бейнесін қолдан жасап, одан ақша сұраған ролик таратқан.

«Мұндай жалған контент қоғамдық пікірді манипуляциялау мен мемлекеттік органдарды қаралау құралына айналуда. Егер дипфейк ел басшысын немесе белгілі тұлғаны “сөйлетсе”, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер», – деді Пономарёв.

Ол әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда да нақты шаралар қабылдауды ұсынды:
– дипфейктерді анықтап, дереу бұғаттайтын мониторинг жүйесін құру;
– ресми контенттің түпнұсқалығын тексеру жүйесін енгізу;
– халық арасында дипфейкті тану және алаяқтықтан қорғану жөнінде ақпараттық науқан өткізу.

Депутаттың сөзінше, фракция заңнаманы қатайту және жасанды интеллект өнімдерін жауапсыз пайдалануға тыйым салу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады 

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады 3 ақпан 2026…

«Ауыл» партиясының фракциясы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының…

Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Әділетті Қазақстанды құруда БАҚ-тың рөлі зор екенін…