Categories Ақорда

Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

✔️Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты.

✔️Биыл Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери-патриоттық қозғалыстарына мүше 800-ге жуық жастың басын қосқан іс-шара Ақтөбе облысында ұйымдастырылып отыр.

✔️Слет қос атаулы датаға – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев барша қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуымен құттықтап, бұл жас өрендеріміздің рухын шыңдайтын өте маңызды іс-шара екеніне назар аударды.

– Биыл «Айбын» жиыны қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналып отыр. Ержүрек мерген қыздың ерлігі халқымыздың және достас елдердің тарихына алтын әріппен жазылған. Қазақтың қаршадай қызы соғысқа аттанып, бірден қан майданның ортасына түсті. Ол сұрапыл шайқастарда теңдессіз ерлік пен Отан алдындағы парызға адалдық үлгісін көрсетті. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бұл – біздің елдерімізге ортақ тарихи мереке. Ұлы Жеңіс күнін атап өту – батыр бабалардың рухына тағзым ету, олардың ерлігін жадымызда жаңғырту деген сөз. Қазақстан үшін мұның мән-мағынасы айрықша. Халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты, азаттық пен әділдік үшін аянбай күресті. Қазақстаннан 1 миллион 200 мың азамат майданға аттанды, оның тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Мыңдаған адам далада, зауыттар мен фабрикаларда еңбек етіп, майданға азық-түлік, қару-жарақ және оқ-дәрі жіберді. Біз даңқты ерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ешқашан ұмытпаймыз, олардың есімін мәңгі есте сақтаймыз. Батырларымыз жер-жаһандағы бейбітшілік пен тыныштық үшін аса ауыр сынақтарды еңсерді, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, Әділетті Қазақстанды құруда БАҚ-тың рөлі зор екенін…

Это уже не правки, а новый смысл: Ерлан Карин о Конституции

Государственный советник Республики Казахстан Ерлан Карин выступил на пятом заседании Комиссии по Конституционной реформе. Он детально рассказал о ключевых особенностях проекта новой…

Президент провел совещание в Генеральной прокуратуре 

Глава государства подчеркнул, что в стране проводятся масштабные преобразования, в рамках которых предстоит осуществить конституционную…