Categories Жайық news

Зачаган кентінде жаңа мектепке апарар жолдар жөнделіп жатыр

Зачаган кентінде салынып жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға таяды. Білім ошағының ашылуына орай елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Әсіресе, оқушылар мен ата-аналардың мектепке қатынау жолын ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта Сарыарқа көшесінен жаңа мектепке дейін және білім ошағынан Жәңгір хан көшесіне дейінгі жолдарда жөндеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта мердігерлер жолдың негізгі қабатын дайындау үстінде. Жоспар бойынша абаттандыру жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа жолдар пайдалануға берілген соң, оқушылардың мектепке жетуі анағұрлым жеңілдеп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі артады. Бұл жоба тек білім беру саласына ғана емес, кенттің жалпы инфрақұрылымдық дамуына да оң ықпал етпек.

Айта кетейік, Зачаган кентіндегі медициналық колледж маңында бой көтеріп жатқан жаңа мектеп заманауи талаптарға сай салынып жатыр. Ол пайдалануға берілгеннен кейін ауданның білім беру жүйесіндегі жүктемені айтарлықтай азайтып, оқушыларға қолайлы жағдай жасайды.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов жаңартылған Конституцияның басты басымдықтарын атады

Премьер-министр ғалымдармен кездесуде жаңартылған Ата Заңның саяси жүйені тұрақтандыратынын және адам құқығын басты орынға қоятынын…

Депозиттен тиімдірек: Қазақстандықтар капиталын қайда инвестициялап жатыр?

Қазақстандықтар банк депозиттерінен бас тартып, капиталын облигация, акция және жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Сарапшы пікірі.

Трамп АҚШ-ты 53 штатқа дейін кеңейту туралы әзілдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы кешкі аста Канада, Гренландия және Венесуэла есебінен Американы кеңейту туралы…