Categories Қоғам

ЖАҢАҚАЛАНЫҢ ҚОС АУЫЛЫНДА ЖАҢА ФАП АШЫЛДЫ

Жаңақала ауданында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында екі жаңа денсаулық сақтау нысаны – Бірлік ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Қырқопа ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт салтанатты түрде ашылды.
Аталған жобалар халық игілігі үшін іске асырылып отыр. Бірлік ауылындағы амбулатория құрылысы 2024 жылдың қыркүйек айында басталса, Қырқопа ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті тамыз айында құрылысы басталып, бүгін толықтай қолданысқа берілді.
Ашылу салтанатына БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев, «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, мердігер ұйым басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы бұл нысандар аудан бойынша биыл пайдалануға берілетін төрт медициналық мекеменің қатарына кіретінін атап өтті.
«Бірінші байлық – денсаулық. Енді жоспарлы ем-шараларды аудан орталығына бармай-ақ алуға болады», – деді аудан басшысы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Амангелдіұлы 2025 жылы өңірде 50 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланғанын айтып, ашылған амбулатория мен пункт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Ал «AMANAT» партиясы өкілі Афиза Семғалиева партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, елімізде осындай әлеуметтік нысандардың саны артып келе жатқанын тілге тиек етті.
Ауыл тұрғындары мен сала ардагерлері де қуаныштарын жасырмады. Бірлік ауылындағы медицина саласының ардагері Жәния Оразалиева мен Қырқопа ауылындағы Алтын Хасанова жаңа нысандардың ашылуын үлкен жетістік ретінде бағалап, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Бірлік дәрігерлік амбулаториясы заманауи талаптарға сай, бір қабатты ғимарат. Ішінде қабылдау, алдын ала тексеру, екпе, ем-шара, физиотерапия, күндізгі стационар, туберкулезге қарсы, акушерлік және басқа да мамандандырылған бөлмелермен қамтылған. Автономды жылу жүйесі мен орталықтандырылған сумен жабдықталған.
Қырқопа фельдшерлік-акушерлік пункті де бір қабатты, толық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, физиотерапия, дәріхана пунктері бар фельдшер бөлмесі, залалсыздандыру, екпе салу, ем-шара бөлмелері қарастырылған.
Сыйлыхан ЖҰМАСАЛЫҚ

Ұқсас жазбалар

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми…

Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды

Ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы БҰҰ мандатына сәйкес Голан биіктіктерінде жүктелген міндеттерді сәтті орындап келеді. 2025…

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша…