Categories Жайық news

Синоптиктер ескерту жасады: Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді

Қазақстанда 14-16 ақпан аралығында ауа райы тұрақсыз болады, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, 14 ақпанда антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Алайда 15 ақпаннан бастап еліміздің батысына солтүстік-батыстан циклон жылжи бастайды. Ол шығысқа қарай жылжып, артынан жаңбыр мен қар әкеледі. Сонымен қатар бұрқасын соғып, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында осы күндері ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік циклонның ықпалымен атмосфералық фронттар өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Әсіресе 14-15 ақпанда еліміздің бұл аймақтарында нөсерлі жауын мен қалың қар жаууы мүмкін.

«Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман сақталады», – деп ескертті синоптиктер.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…