Сергей Пономарёв: «Дипфейктер – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр»

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Үкіметке – Жандос Мадиев пен Ержан Сәденовке – жасанды интеллект арқылы жасалатын дипфейктердің қаупі туралы депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, технология дамыған сайын жасанды бейнелер мен дауыстардың көмегімен жасалатын алаяқтық көбейіп барады. Депутаттың өзі де мұндай жағдайға тап болған: белгісіз біреулер оның дауысын және бейнесін қолдан жасап, одан ақша сұраған ролик таратқан.

«Мұндай жалған контент қоғамдық пікірді манипуляциялау мен мемлекеттік органдарды қаралау құралына айналуда. Егер дипфейк ел басшысын немесе белгілі тұлғаны “сөйлетсе”, бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер», – деді Пономарёв.

Ол әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда да нақты шаралар қабылдауды ұсынды:
– дипфейктерді анықтап, дереу бұғаттайтын мониторинг жүйесін құру;
– ресми контенттің түпнұсқалығын тексеру жүйесін енгізу;
– халық арасында дипфейкті тану және алаяқтықтан қорғану жөнінде ақпараттық науқан өткізу.

Депутаттың сөзінше, фракция заңнаманы қатайту және жасанды интеллект өнімдерін жауапсыз пайдалануға тыйым салу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға…

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…