Categories Ақорда

Биыл Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы жұмысы қарқынды болды

Сурет: Ақорда

2025 жыл Қазақстан үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды кезең ретінде есте қалды. Елде ауқымды жаңғыру үдерістері жүріп, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтижелер байқалды. Бірқатар жаңа өндіріс іске қосылып, ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы жанданып, білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтерді, жол инфрақұрылымы жаңғыртылды.

Жыл ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, өндірістік, ғылыми және әлеуметтік бағыттағы 50-ден астам нысанның тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 16 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінен есеп алып, өңірлердің даму барысын жеке бақылауда ұстады.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті.

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті.

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана…