Астанада жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан кеткен жүргізуші табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Сығанақ даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында Toyota RAV4 көлігі велосипедпен келе жатқан жасөспірімді қаққаны көрінеді. Соққыдан бала құлап, аяқ киімі ұшып кеткен, бірақ ол өздігінен тұрып, ауыр жарақат алмаған. Жүргізуші көліктен түспей, жолын жалғастырып кеткен.

Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлі жүргізуші анықталған. Ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршамның рұқсат етілген белгісімен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ұқсас жазбалар

Voenmart: әскерилер азық-түлік пен тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп…

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға…