Categories Саясат

Амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік жасайтынын айтты

Ішкі істер министрлігі алдағы амнистияға кімдер ілігетінін және кімдерден жеңілдік күтуге болмайтынын ресми түрде түсіндірді. Ведомство сондай-ақ әкімшілік амнистия енгізу мәселесін де қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, амнистия ең алдымен жеңіл қылмыс жасағандарға, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік осал топтарға қатысты болады. Олардың қатарында кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектер бар.

«Амнистия ауыр қылмыс жасағандарға, сондай-ақ бұрын сотталғандарға қолданылмайды. Біз қоғамдық қауіпсіздікті ескере отырып, әділ шешім қабылдауға тырысамыз», – деді ІІМ ресми өкілі.

Сонымен қатар әкімшілік амнистия енгізу мәселесі де пысықталуда. Бұл жеңіл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарды жазадан босатуды көздейді. Нақты мерзімдер мен шарттар әзірге белгісіз.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…