Categories Әлем

Франция елшілігі Астанада қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етті

Астанадағы Шарль де Голль ескерткішінің алдында Франция елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде француз партизан отрядтарында шайқасқан қазақ жауынгерлерін еске алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге қатысып, жауынгерлердің ерлігіне тағзым етті. Ол қазақстандықтардың Францияны азат етуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Біз бірге күрескен батырларды ұмытпаймыз. Олардың рухы біздің достығымызды нығайтады», — деді елші.

Еске алу шарасына ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен дипломаттар қатысты. Олар гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен ерліктерге тағзым етті.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…