Categories Жайық news

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы тұңғыш рет үздік үштікке енді

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы тұңғыш рет үздік үштікке енді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Алматы облысында республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары мәресіне жетті. Оған 17 облыстан 3 мыңға жуық спортшы қатысып, он күн бойы бақ сынады.

Жалпыкомандалық есепте 498 ұпай жинаған Түркістан облысы бірінші орынды иеленсе, Алматы облысының спортшылары 428 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Ал Батыс Қазақстан облысы 385 ұпай жинап, өз тарихында алғаш рет үздік үштікке енді.

БҚО атынан 200-ге жуық спортшы 20 спорт түрі бойынша сынға түсті. Дәстүрлі садақ атудан батысқазақстандық мергендер командалық есепте жеңімпаз атанса, тоғызқұмалақшылар Бектас Кенжеғалиев пен Қарақат Сәлімғали алтын жүлдеге қол жеткізді. Қазақ күресінде Тайман Нұрғалиев пен Мейірім Айғали қарсылас танымай топ жарды. Шағын футболдан да облыс құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Басқа да спортшылар жүлделі орындар алып, команданың қоржынына маңызды ұпайлар қосты. Айта кетейік, төрт жыл бұрын өткен «Ақ бидай» ойындарында Батыс Қазақстан облысы небәрі 14-орынмен шектелген болатын.

Ұқсас жазбалар

БҚО делегациясы Қытайда: сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейеді

БҚО делегациясы Қытайда: сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейеді, -деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция…

Атырауда ТМ-2 жылу магистралінің реконструкциясы аяқталуға жақын

Атырауда ТМ-2 жылу магистралінің реконструкциясы аяқталуға жақын қалды,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz. Атырау қаласында ТМ-2 жылу магистралін…

Ауыл әкімі жұрт алдында айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады

  Шығыс Қазақстан облысында Шілікті ауылдық округінің әкімі тұрғындармен өткен жиында ашуға беріліп, әдепсіз сөз…