Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын аралап көруді жоспарлаған.

Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды. Мемлекет басшысына әуежайдың жұмыс процесі, ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету жүйесі туралы ақпарат берілді. Президент жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залын және автоматтандырылған жүк беру жүйесін аралап көрді.

Жаңа терминал 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Жобаны жүзеге асыруға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған, ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінген.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, Қызылорданың экономикалық және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сурет: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Көкжайлау жерлері ұлттық парктен шығарылмайды: министр мәлімдеді

Көкжайлау жерлері ұлттық парк құрамынан шығарылмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі…

Үш апта бойы әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақтанды: Үкімет не істеді?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары үш аптадан бері тұрақтанды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл…

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға 9 арнайы орын бөлінді

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға арналған 9 арнайы орын белгіленді. Мереке 27-29 мамыр аралығында өтеді.