Categories Спорт

Неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы финалында неміс теннисшісі Александр Зверев италиялық Флавио Коболлиді жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зверев бірінші сетте 6:1 есебімен сенімді ойын көрсетті. Алайда Коболли екінші сетте есепті теңестірді. Үшінші сетте неміс ойыншысы басымдық танытты, бірақ төртінші сетте италиялық тай-брейкте жеңіске жетті. Бесінші сетте Зверев 6:1 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына шешті.

Флавио Коболли – Александр Зверев – 1:6, 6:4, 4:6, 7:6 (7:5), 1:6.

Бұл Зверевтің «Ролан Гаррос» турниріндегі алғашқы чемпиондығы. Бұған дейін ол «Үлкен дулыға» жарыстарында қатарынан үш рет финалға шыққан болатын.

Ұқсас жазбалар

Аргентина Иорданияны 3:1 есебімен жеңді, Месси 19-шы голын соқты

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Иорданияны 3:1 есебімен жеңді. Лионель Месси 19-шы…

Австрия мен Алжир тең түсіп, Иран әлем чемпионатымен қоштасты

Алжир мен Австрия әлем чемпионатында 3:3 есебімен тең түсіп, плей-оффқа шықты. Бұл нәтиже Иранның турнирмен…

Асу Алмабаев Бакудегі UFC турнирінде америкалық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Әзербайжан астанасында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде сәтті…