Израильдің әуе шабуылынан «Хезболла» қозғалысының жоғары лауазымды мүшесі Мұхаммед Раад қаза тапты, бұл Таяу Шығыстағы жағдайды одан сайын ушықтырды. Бұған жауап ретінде ұйым Израильге ресми түрде соғыс жариялап, жаппай зымыран шабуылын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Саудиялық Al Arabia және Al Hadath телеарналарының мәліметінше, Израиль қорғаныс армиясының Бейруттің оңтүстік маңына жасаған соққысынан «Хезболланың» ықпалды жетекшілерінің бірі Мұхаммед Раад мерт болған. Алғашында Израиль тарапы жоғары лауазымды шенеуніктің көзі жойылғанын растағанымен, оның аты-жөнін жарияламаған еді. Бұл шабуылдан кемінде 10 адам қаза тапқаны айтылуда.
Бұған жауап ретінде «Хезболла» Израиль аумағына соққы бергенін мәлімдеді.
«Біз Хайфаның оңтүстігіндегі әскери базаға зымырандар мен дрондар тобын ұшырдық. Бұл – басшымыздың өлімі үшін қайтарылған кек», — делінген ұйымның хабарламасында.
Израиль қорғаныс армиясы зымырандардың Ливанның оңтүстігінен атылғанын растап, бірнеше минуттан кейін жауап ретінде Ливан аумағына әуеден соққы бере бастады. Негізгі нысаналар – Бейруттің оңтүстік аудандары (Дахия), Ливанның оңтүстігіндегі нысандар және «Хезболланың» инфрақұрылымы мен басшылары болды.
Фото: Әлеуметтік желіден

