Categories Жайық news

Сара Назарбаева ауруханадан шықты: Айдос Үкібай мәлімдеме жасады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сара Назарбаева Алматыдағы Президент әкімшілігі медициналық орталығының халық арасында «Совминка» деп аталып кеткен Ұлттық ауруханасында ем қабылдаған.

Бұл ақпаратты тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады.

«Сара Алпысқызы бұған дейін ауруханаға жатқызылған болатын. Қаңтар айында ауруханадан шығарылды», — деді Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Сара Назарбаева – «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы және президенті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.